Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астаналық ер адам жалған түбіртек жасап, 7 жылға бас бостандығынан айырылды

Астанада бұрын бірнеше рет лауазымды тұлғаларға пара бергені үшін сотталған тұрғынға жаңа үкім шығарылды. Ер адам айыппұлдың 196 миллион теңгесін ішінара өтегені туралы түбіртектер көшірмесін ұсынған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Астаналық ер адам бұған дейін сот үкімімен бірнеше рет пара бергені үшін 240,3 миллион теңге айыппұл төлеуге міндеттелген.

"Сотталған адам сот орындаушысына айыппұлдың 196 миллион теңгесін ішінара өтегені туралы түбіртектер көшірмесін ұсынған. Нұра ауданының прокуратурасы талдау жүргізу барысында бұл соманың мемлекет кірісіне түспегенін және айыппұлдың төленбегенін анықтады. Түбіртектің жалған екені белгілі болды", – деп хабарлады Астана қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Нұра ауданы прокуратурасының нұсқауымен сот орындаушысы айыппұлды бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы сотқа жүгінді. Сот бұл өтінішті қанағаттандырып, 7 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Жалған түбіртектерді ұсыну фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.



Еске салайық, бұған дейін ішкі істер министрлігіне қарасты "Еңбек" мекемесінің басшылары пара алды деген күдікке ілінгенін жаздық. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің дерегінше, бас директордың орынбасары және оның қарамағындағы құрылыс басқармасының басшысы мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасқан

Талқылау