Астаналық депутаттың құрылыс компаниясы жарты жылда 700 миллион теңге табыс тапқан
Фото: primeminister.kz
Астаналық депутаттың құрылыс компаниясы жарты жылдың ішінде 700 миллион теңге табыс тапқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
AIX биржасында жарияланған мәліметке сүйенсек, 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында Астана қалалық маслихат депутаты Абзал Сағымбаевқа тиесілі Akbarys Construction құрылыс компаниясының таза пайдасы 700,2 млн теңге болды. 2023 жылдың осы кезеңінде компанияның табысы 50,3 млн теңге болған.
Компанияның таза пайдасы негізінен қаржылық кірістерден тұрады – 1,1 млрд теңге, ал бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 176 млн теңге болған. Компания 147,3 млн теңге салық төлеген.
Akbarys Construction компаниясының 95% акциясы Akbarys Development Holding-ке тиесілі, оның құрылтайшысы – Астана қалалық маслихат депутаты Абзал Сағымбаев. Ол сондай-ақ Damu Development Group консорциумының құрылтайшысы және "Мереке" қайырымдылық қорының негізін қалаушы.
Айта кетейік, Damu Development Group компаниясы Алматыдағы "Бағанашыл" балалар үйінің тәрбиеленушілерімен байланысты даумен бірге танымал болған еді. Тәрбиеленушілерді көшіру жоспарланған Қонаевтағы жаңа ғимаратты Damu Development Group компаниясы салған. Алайда балалар мен жасөспірімдер билік шешіміне қарсылық білдіріп, президенттің бұйрығымен көшіру тоқтатылды.
Akbarys Construction компаниясының негізгі қызметі ғимараттар салу және сату болып табылады. Компанияның 17 еншілес кәсіпорны бар. Қалған 5% акция Серік Смағұловқа тиесілі, БАҚ-тағы ақпаратқа ол сүйенсек астаналық маслихат депутаты Асқар Смағұловтың ағасы.

Министр Нұртілеуді ұстады деп жалған ақпарат таратқан Orda.kz құрылтайшысы кім және оны қандай жаза күтіп тұр?
