Астаналық дәрігердің науқастың комаға түсуіне және 60 жастағы әйелдің өліміне қатысы бары расталды
Фото: Ru.freepik.com
Астанада бір дәрігер операция жасаған екі науқастың бірі жарты жылға комаға түссе, енді бірі қайтыс болды. Полиция екі жағдайға да хирург дәрігердің қатысы барын растады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Құқық қорғау органдары екі қылмыстық істі тергеп жатыр.
“Биыл сәуір айында Астананың 22 жастағы тұрғынына жеке клиникалардың бірінде мұрынға ота жасалған. Алайда операциядан кейін науқас комаға түскен. Кейін маусым айында, дәл сол дәрігер басқа емханада пластикалық ота жасаған 60 жастағы әйел көз жұмған. Екі жағдай бойынша да “Медициналық қызметкердің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамау” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр”, – деп мәлімдеді Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі Эльмира Шауленова.
Мұрынға пластикалық ота жасатқаннан кейін тірі қалған науқас әлі де оңалтудан өтіп жатыр. Алайда көктемнен бері сол операция жүргізілген емхананы ешкім тексермеген. Денсаулық сақтау министрлігі ол жерге тек келесі аптада тексеріспен баруды жоспарлап отыр. Ал науқас қайтыс болған жеке медициналық ұйымның мүлде рұқсат құжаттары болмаған екен.
Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиевтің айтуынша, емхана лицензиясыз, яғни клиника заңсыз жұмыс істеген. Барлық материал құқық қорғау органдарына беріліп, қылмыстық іс қозғалды

Жинағыңызды алтынмен сақтау тиімді ме – Сарапшылар бағалы металдың грамы 100 мың теңгеге жететінін болжады
