Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астаналық әйел желіде балағат сөз айтқаны үшін жаза арқалады

Фото: Pixabay.com

Астаналық әйел әлеуметтік желіде балағат сөздер қолданғандықтан, әкімшілік жазаға тартылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

11 қыркүйекте Астанада Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлігі “Ұсақ бұзақылық” бойынша М үстінен әкімшілік іс қозғалды.

“Ол өзінің әрекеттерімен қоғамға құрметсіздік көрсетіп, қоғамдық тәртіпті бұзған. Жасалған құқықбұзушылықтың мән-жайлары іс материалдарымен, әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамамен, бейнежазбамен және қоғамдық тәртіпті бұзғанын мойындаған әйелдің түсініктемелерімен дәлелденді”, – делінген хабарламада.

Сотта құқық бұзушы өз әрекеттерінің заңсыздығын түсініп, өкінетінін және асырауында екі кәмелетке толмаған баласы бар екенін атады.


"Шерзатты өзінің әкесі өлтірді": Желіде даулы мәлімдемелер жасаған блогер 20 тәулікке қамалды


"Балаң жыныма тиіп тұр": Астанада ерекше баланы балағаттаған әйел іздестіріліп жатыр


Бұл бап бойынша 20 АЕК айыппұл не 5-тен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу көзделеді.

Сот оны кінәлі деп танып, оған 20 АЕК яғни 78 640 теңге айыппұл түрінде жаза тағайындады.

Жаза істің мән-жайы, жасалған құқықбұзушылықтың сипаты мен дәрежесі, кінәлінің жеке басы және оның екі кәмелетке толмаған баласының бар екендігі ескеріле отырып қолданылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Еске салсақ, азақстандық азамат кішкентай балалары бар аналардың ғана әкімшілік қамаудан босатылатынына наразы болған еді. 

Қырмызы Скендирова
Сейсенбі, 23 Қыркүйек, 2025 15:24
Талқылау