Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық әйел бөтен отбасының ажырасу салдарынан үйі мен көлігінен айырылып қалды

Астаналық Елена Глизарова өзге ерлі-зайыптының ажырасқаны үшін өз мүлкінен айырылып отырФото: Видеодан скриншот

Астана тұрғыны Елена Глизарова азаматтық істі қарау барысында өрескел заңбұзушылықтарға жол берілгенін айтып, соның салдарынан екі көлігінен айырылғанын мәлімдеді. Енді коммерциялық нысаны мен пәтерлерінен де айырылып қалу қаупі туындап отыр. Stan.kz Елена Глизаровамен тілдесіп, оқиғаның мән-жайын анықтады.

Оқиға 2019 жылы басталған. Бұрынғы ерлі-зайыпты Сергей Рыч пен Надежда Каширинаның некесін бұзу процесі жүріп жатқан. Мүлікті бөлу кезінде әйел бұрынғы күйеуіне сыйға берілген жер теліміннің 20% мүлік бөлу тізіміне енгізуді талап еткен. Нотариус талаппен келісіп, мүлікті бөлу туралы келісімге енгізген.

Надежда Каширина осы үлестің иесі атану үшін заңда белгіленген тәртіппен меншік құқығын тіркеуге тиіс болған, алайда ол мұны жасамаған. Кейін бұл жер телімін әкімдік алып қойып, 20%-ды өтемақы ретінде төлеген. Ал ол ақша Елена Глизарованың есепшотына аударылған.

“Бұған менің Сергей Рычпен арада медиативтік келісім жасасқаным себеп болды, оның маған қарызы бар еді, сондықтан әкімдікке берген өтініші негізінде ақша тікелей маған жіберілген. Бұдан бөлек, оның басқа да міндеттемелері мен тыйым салулары болған”, – деп түсіндірді ол.

Надежда Каширина ақшаның аударылғанын білген соң, әкімдікпен жасалған мәмілені даулауға тырысқан, алайда сот оның талабын қанағаттандырмаған.

“Мұның себебі қарапайым: ол жер телімінің заңды иесі болмаған, өйткені өз үлесін тіркемеген, ал меншік құқығын рәсімдеу мерзімі өтіп кетті”, – дейді Елена Глизарова.

Осыдан кейін Надежда Каширина сотқа ақшалай талаппен жүгініп, Елена Глизарованы да іске тартқан. Бірінші сатыдағы сот талапкердің арызы талап қою мерзімінің өтіп кетуіне және жер теліміне меншік құқығының мемлекеттік тіркеуден өтпеуіне байланысты қанағаттандырмаған. Осылайша, Еленаны тиісті емес жауапкер деп танылған.

“Алдымен үшінші тұлға ретінде, кейін мені ортақ жауапкершілікке тартылатын жауапкер етуге тырысты. Бірінші сатыдағы сот оның талабын қанағаттандырмады. Сот менің тиісті жауапкер емес екенімді, оның алдында ешқандай міндеттемем жоқ екенін, ал даудың өзі бұрынғы ерлі-зайыпты арасындағы мүлікті бөлуге қатысты екенін көрсетті. Сондай-ақ сот өтемақы алушының өз өтініші негізінде ақша үшінші тұлғаға аударылса, заң бұған тыйым салмайтынын атап өтті. Бұдан бөлек, сот талап қою мерзімінің өтіп кеткенін және талапкерде жер теліміне тіркелген меншік құқығы жоқ екенін көрсетті. Яғни оның тек тіркеуге құқығы болған, бірақ ол оны уақытында жүзеге асыра алмаған”, – дейді Елена.

Алайда апелляциялық сатыда сот талап қою шегінен шығып кеткен: жер телімі ортақ некеде жиналған мүлік деп танылып, ал медиативтік келісімдер міндеттемеден жалтару құралы ретінде бағаланған. Бірақ бұл келісімдер заңды күшінде болған және олардың күші жойылмаған. Соның нәтижесінде Елена ортақ жауапкер ретінде танылып, оның мүлкін тәркілеу басталған.

Кейін Надежда Каширина апелляциялық шағым түсірген. Апелляциялық алқа жер телімін ортақ некеде жиналған мүлік деп танып, ал медиативтік келісімді міндеттемеден жалтару құралы ретінде бағалаған. Бірақ бұл келісімдер заңды күшінде болған және олардың күші жойылмаған. Соның нәтижесінде сот Елена Глизарованы негізгі жауапкер деп танып, оған ортақ жауапкершілік жүктеген. Еленаның айтуынша, бұл шешім заң нормалары тиісті деңгейде қолданылмай қабылданған. Олар аталған шешімге кассациялық тәртіппен шағымданғанымен, кассациялық саты Надежда Каширинаның конституциялық құқықтары бұзылды деген уәжге сүйеніп, шешімді өзгеріссіз қалдырыпты.

Кейінгі сот отырысынан кейін Елена Глизарованың мүлкі тәркілеу басталған. Оның екі көлігі сатылып кеткен, енді коммерциялық нысанына қауіп төніп тұр.

“Былтыр қыркүйекте менің екі көлігімді сатып жіберді, әрі оларды өте төмен бағаға сатты. Қазір менің коммерциялық нысаным – сұлулық салоныма қауіп төніп тұр. Бүгін осы нысанға қатысты сот өтті, ал ертең оны саудаға шығару жоспарланып отыр”, – дейді ол.

Елена Глизарова осы тұста Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұрады, өйткені ол екінші инстанцияның шешімі әлдекімдердің мүддесі үшін шығарылды деп есептейді. 

"Меншік құқығы тіркелмеген және талап қою мерзімі өтіп кеткен жағдайда бұл талап мүлде қарауға қабылданбауы керек еді. Мен омбудсменге, Бас прокуратураға, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа шағым түсірдім. Бейнеүндеулер де жаздым. Бірақ ешқандай реакция жоқ. Бәрі Жоғарғы сотқа жүгініңіздер дейді. Меніңше, екінші инстанцияның шешімі әлдекімдердің мүддесі үшін шығарылған. Сыйға берілген мүлік бөлінбейді, мен жауапкер емеспін. Қоғам менің оқиғамды естісе екен деймін”, – деді ол.

Балнұр Рахматуллақызы
Дүйсенбі, 02 Наурыз, 2026 19:44