Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанаға көшіп келетіндер саны шектеледі: Министр мұны қаланың "толып кетуімен" байланыстырды

Премьер-министрдің орынбасары, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәжіліс отырысында қала толғандықтан, көшіп келетіндер санын шектеу керегін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Депутат Жигули Дайрабай министрден Астанада халық саны қаншалықты өсуі мүмкін екенін сұраған. 

"Жаңа сіз айтқан бір пәтердегі 800 адам тегін тіркеліп жатқан жоқ. Жағдайы болмаған соң тіркеледі. Сондықтан болашақта 2 миллион не 3 миллион адам бола ма? Қаланың жоспарлауына алдын ала болжам бар шығар?" – деп сұрады ол.

Өз сөзінде ұлттық экономика министрі Астанадағы халық саны болжамды саннан әлдеқашан асып кеткенін айтты. 

"Қазір барлық инфрақұрылымда тапшылық бар. Су тапшы, жазда көрдіңіздер ғой. Мына заң өте орынды, адам санын, көші-қонды шектеу керек. Адамдарды басқа өңірге көшіру керек, бұл үшін жұмыс орындарын ашу қажет. Енді жолға қатысты айтсақ, бізде бір концепция бар. Егер қалада жолды қаншалықты кеңейтсең, машиналар соншалықты көбейеді. Дамыған елдерде жолды кеңейтпейді, енін тарылтады", – деді Жұманғарин.

Талқылау