"Астанаға қайтарымсыз билет алдық": Дженнифер Лопестің алматылық жанкүйерлері наразылық білдірді
Фото: Жеке парақшадан алынды
Америкалық әнші Дженнифер Лопестің Алматыдағы екінші концерті дауға ұласты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алматылық жанкүйерлер 1 тамызда өтетін Астанадағы концертке қайтарымсыз билет алып тастаған.
"Дж.Лоның Астанадағы концертіне 2 билет алдым. Алматы-Астана-Алматы бағыты бойынша ұшаққа қайтарымсыз 2 билет алдым. Жүйкем жұқарып отыр”, – деп жазды желі қолданушысы.
Одан кейін өнер иесінің кезекті жанкүйері бас қаладан қонақ үйді де брондағанын айтты.
“Бізді мазақ етті. Мен Астанаға билет алдым. Барып-қайту 100 мың теңгеге шықты. Қонақ үйді брондадым. Бірақ Дж. Ло Алматыға келетінін кейін естідім. Ұшақ билеттері қайтарылмайды. Бірақ концерттің билеттерін қайтаруға болады. Не істесем екен?!”, – деп жазды Threads қолданушысы.
-
Алматыда Дженнифер Лопестың екінші концерті өтеді
-
"Қуана-қуана билет алдым": Аида Балаева әнші Дженнифер Лопестің концертіне баратынын айтты
Айта кетеййік, ең көп ашу тудырғаны – ұйымдастырушылар Алматыдағы концерт жайлы ақпаратты тек Астанадағы концертке деген сұраныс шарықтаған соң барып жариялағаны. Жанкүйерлердің кейбірі елордада шоуға бара алмай қалам ба деп қорқып, тіпті Лопестің шетелдегі концерттеріне, соның ішінде БАӘ-дегі қойылымына да билет алып қойған.
Еске салайық, бұған дейін Дженнифер Лопестің Алматыдағы концерті қай жерде өтетіні белгісіз болып жатқанын жазған едік. Өйткені жоспарланған орталық стадионда ол күндері футбол матчтары өтеді.

Қазақстандық баласына беделді мектепке оқуға түс деп қысым жасаған: Соңында жасөспірім өзіне қол жұмсамақ болған
