Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанаға LRT-нің алғашқы вагондары жеткізілді

Видеодан скрин

Астанаға LRT-нің алғашқы вагондары жеткізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

City Transportation Systems (CTS) баспасөз қызметінің мәліметінше, вагондар Қытайдың Таньшань қаласында өндірілген. Вагондар жүк көліктерімен Қытай мен Қазақстан аумағы арқылы өтетін 5300 шақырымнан астам жолмен жеткізілді. Барлық жол 10 күнді қамтыған.

60 метрлік қозғалмалы құрамдар GOA 4 деңгейіндегі автоматтандыру жүйесімен жабдықталған, ол есіктердің автоматты түрде ашылып-жабылуын, тоқтау мен жеделдетуді, деподан кіріп-шығуды, құрамдардың күйін бақылауды және поезд арасы қашықтықты бақылауды қамтамасыз етеді.


"КСРО-дан сүйреп әкелген сияқты": LRT вагоны астаналықтар арасында қызу талқыға түсті (видео)


Сонымен қатар хабарламада құрамдардың толық автоматтандырылғаны, пилотсыз басқарылатыны және операторлардың тұрақты мониторингі бар екені айтылған.

Қозғалмалы құрамның жалпы техникалық белгілері:

- ұзындығы - 59,97 метр, ені - 2,8 метр, биіктігі - 3,8 метр.

- сыйымдылығы - 600-ден астам жолаушы.

- максималды жылдамдық - сағатына 80 шақырым.

- орташа пайдалану жылдамдығы - сағатына 39,5 шақырым.

- салмағы - 94 тонна (жолаушыларсыз).

Еске салсақ, бұған дейін Астана әкімі елордалықтартың қашаннан бастап LRT-мен жүре алатыны туралы сұраққа жауап берген еді.

Дана Русланқызы
Дүйсенбі, 09 Маусым, 2025 21:57
Талқылау