Астанадағы океанариумде жігіт сүйіктісіне ерекше ұсыныс жасады
Астана қаласында Еркен есімді жігіт өзінің Мария атты сүйіктісіне отбасын құру туралы ұсынысты ерекше әдіспен жасады. Жігіт бұл романтикалық әрекетін “Думан” ойын-сауық орталығындағы океанариумның ішінде жүзеге асырды.
Бұл туралы Tengrinews.kz ақпараттық порталына қос ғашықтың ортақ досы Полина айтып берді.
Оның айтуынша, барлығы 29 ақпан күні жүзеге асқан. Мұнымен қатар, бұл күнді төрт жылда бір рет келетіндігі үшін таңдаған.
Ұсыныс жасалатын күні Марияның үйіне Құмарбек есімді досы келіп, қыздан өзіне қаншалықты сенетіндігі туралы сұраған. Сол кезде жігіт қыздың көзіне көзілдірік пен құлағына құлаққап кигізіп океанариумге алып келген. Осы уақытта Еркен су киімін киіп, океанариумға түскен. Артынша қолына алдын ала әзірленген “Маған тұрмысқа шық” деген жазуы бар тақтайшаның судың астында ұстап тұрған.
Марияның көзіндегі көзілдірікті алып “қара” деген кезде, ол өзінің сүйіктісін танымай қалған. Ал таныған соң тіпті сөйлеуге шамасы келмеген екен. Қыз сүйіктісі ұсынған гүлдер мен жүзікті қуана-қуана қабыл алған.