Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанадағы медициналық оқу орны студенттері IELTS сертификатын сатып алған

«Астана» медициналық университетінде студенттердің арыз-шағымынан кейін ағылшын тіліне арналған IELTS-тің жүздеген жалған сертификаты анықталды.

Бұл туралы 24.kz  жазды.

Осылайша, магистратура, докторантура және резидентурада білім алып жүргендердің кейбірі сотқа дейінгі тергеуге шақырылды. Оқу орнындағы олқылық студенттер арасында дүрбелең туғызды.

Мұндағы білім алушылар алдымен ректоратқа, одан әрі Білім және ғылым министрлігіне шағымданып, кейбір қатарластарының IELTS сертификатына оңай жолмен қол жеткізгенін баяндады.

«Мәселенің мән-жайын зерттейтін комиссия құрдық. Бірақ бұл құжаттардың жалған екенін дәлелдеу үшін оны берген халықаралық ұйымға хабарласып, базасын жан-жақты тексеру қажет болды.

Сөйтіп, Білім және ғылым министрлігі жүйеге кіру мүмкіндігін пайдаланып, оқуға түскен 110 студенттің бұл базада жоқ екенін анықтады»,-дейді «Астана» медициналық университетінің ректоры қызметін уақытша атқарушы Франц Галицкий.

Халықаралық мәліметтер базасында жоқ болып шыққандар қазір мемлекеттік грант есебінен білім алып жүр. Ал ІELTS сертифаттары жасанды емес танылған студенттер ақылы негізде оқуға мәжбүр.

Бұл бойынша студенттер екіге бөлініп әділдік іздеп жүр.

– Егер бұл жолы мәселе шешілмейтін болса, қайта көтереміз. Менің ұсынысымды ақылы негізде оқып жүрген резиденттер қолдайды деп ойлаймын.

– Біреудің сыртынан тон пішетін сендер кімсіңдер? Ешкім қарсылық көрсетпесін! Резидентураны аяқтау үшін барлық күшімізді саламыз.

– Ақша беріп пе?  – Бұл сендердің шаруаларың емес!

Медицина университеті ректорының міндетін атқарушы жоғары оқу орнынан кейін білім алушылар екі сынақ тапсыруға міндетті екенін айтады.

Бірі ағылшын тілінен, енді бірі таңдаған мамандығы бойынша. Яғни IELTS сертификатын иелену туралы арнайы талап жоқ. Бірақ бұл құжат талапкерге біраз басымдық беретін болғандықтан, көбі оған қол жеткізуге ұмтылады.

Бұл құжат міндетті емес. Тек ағылшын тілінен сынақ тапсыру туралы арнайы шарт бар. Егер талапкердің қолында IELTS сертификаты болса, оған автоматты түрде балл қосылады»,-дейді «Астана» медициналық университетінің ректоры қызметін уақытша атқарушы Франц Галицкий.

IELTS базасында есімі анықталмаған студенттер білімін жалғастырып жатыр. Дегенмен, қалалық ішкі істер департаменті жалған құжат мәселесіне қатысты тергеуді аяқтап, сот-техникалық сараптамаға жөнелтіп үлгірді.

Тізімде жоқ болып шыққан студенттер IELTS тапсырып, сертификатқа әділ жолмен қол жеткізгенін айтып отыр. Ішкі істер қызметкерлері осындай айла-амалдың рас екенін анықтаса, шара қолданатын боламыз.  Істің ақ-қарасын анықтау қиынға соғып тұр.

Жалған құжат иелері бұл бармақ басты, көз қысты әрекетке университет қызметкерлерінің де қатысы бар дегенді көлденең тартады. Ал сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро студенттер тарапынан деканат мамандарының IELTS сертификатын қолдан жасағаны жөнінде арыз түскенін хабарлады.

Енді оқу орнындағы олқылықты құқық қорғау органдары анықтап, айыптыларды жауапқа тартуы тиіс.

Оқи отырыңыз:

Кедейлік пен бақытсыздықты, ауыр дертті жеңген жан: Құралай ханым кім?

Шімән апа эстрада әншілерінің бетпердесін ашып, өтіріктерін жайып салды

«Нысана» театрының директоры: Ешкімге керек болмай қалатынымды білемін

Жеке өміріндегі шудан кейін Баян Мақсатқызы қалай өзгерді? (фото)

 

 

Талқылау