Астанадағы асханасынан тамақ ішілмейтін мектепті білім басқармасы тексеретін болды

Астанадағы мектептердің бірінің асханасы ата-аналардың ашуын туғызды. Айтуларынша, санитарлық талап сақталмаған жерде ас дайындалады. Тұзсыз тамақ, дәмсіз компотты балалар жемейді екен.  Тағы басқа да кемшіліктері жетіп жатқан жерде қалалық білім басқармасы қызметтік тексеру жүргізейін деп жатыр. Бұл туралы КТК арнасы хабарады.

Ал белсенді ата-аналар шенеуніктерді күтпей-ақ өздері  комиссия құрып, қаланың өзге мектептерін тексеруге кіріскен.
№10 мектеп-гимназияның бастауыш сыныптарының асханасы оқушыларға да, ата-аналарға да жақпай қалыпты. Балалар тегін  ауқаттанатын жердің көрінісін ата-аналар суретке түсіріп алған. Айтуынша, жеуге келмейтін тамаққа балалардың да тәбеті тартпай, ақыры қаншама ас далаға төгілген. Бұл суреттерде тіпті, ас пісіретін жердің санитарлық жағдайы да сын көтермейді. Ал мектеп басшылығы бұл жағдайға аса қобалжи қоймады.

“Біз күнде тексереміз. Ата-аналардың комитеті өздері келіп тексереді, өздері көреді ғой. Мен таңертең келгенде жаңадан бригада болды. Мердігерлер шағым болған соң аспазшыларды ауыстырдық деген”, – дейді № 10 мектеп-гимназиясының директоры Мәрзия Тәженова.

Дауға қалған тамақтандыру орнында бүгін басқа тамақ беріліп жатыр.

Рагу, кисель және бір кесім нан. Бұл балаларға берілетін бір күндік мәзір болып табылады.  Осы асханадағы ас мәзірі ата-аналардың ашуын туғызған болатын.

Тексеріс келерін білді ме, әйтеуір бүгінгі мәзір әлдеқайда дәмді. Дегенмен, жеуге жарамсыз деп, сынап жатса да мұндағылар өз  ісінен кемшілік көрмейді. Түс қайта ас батпайтын балалардың сондай әдеті бар дейді. Бірақ,  бас аспаздың үйінде ыдыс-аяқ сылдырлап, соның кесірінен балаларға тамақ дайындауға зауқы болмапты.

“Ол аспазымыздың үйінде аздап отбасылық түсініспеушілік болған екен. Соның әсері болған сияқты. Одан түсініктеме алдық. Негізі түстен кейін оқушылар көп тамақ ішпейді. Әсіресе осы төменгі сыныптар. Интернетке сол балалардан қалған қалдық тамақтың суреті шығып кеткен”, – дейді «Социум Пит» ЖШС өндірісті ұйымдастыру жөніндегі меңгерушісі Дихан Таукенов.

Тап осы серіктестік былтыр желтоқсан айында да дауға қалған болатын. Астананың іргесіндегі Қараөткел ауылында бір оқушы солардың асынан уландым деп шағымданған еді. Бірақ, дерек расталмай, жабулы қазан күйінде қалған. Ал мына жәйтқа қатысты қалалық білім басқармасы қызметтік тексеру жүргізбек. Кінәлары анықталса, директордан бастап жұмыстан қуамыз дейді.

Тағы оқыңыз:

Ақтөбеде 2 миллиард теңгеге жөнделген асфальт қармен бірге еріп кетті

Базардың орнына саябақ салғысы келген билік саудагерлерді қуып жатыр

Қарағанды облысында топан судың ортасында қалған тұрғындар ауылдан шыға алмай отыр

Жезөкшелерді қамшымен сабаған Жан Ахмадиев: Депутат болсам, біраз нәрсені өзгертер едім

Шымкентте әкесі мен қызын өз үйінде өлтіріп кеткен сол үйдің баласы болып шықты

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр