Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанадағы жаңа LRT вагондарына сурет салғандардың кім екені белгілі болды

лрт вагонына граффити салып кеткен

Фото: Әлеуметтік желі

Астанадағы LRT вагондарына бояумен сурет салып келген шетелдік суретшілер болып шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Астанадағы граффити қауымдастығының өкілдері LRT вагонындағы граффити авторлары германиялық суретшілер екенін айтты. Сөздерінше, оларға елдеріне қайтып кеткен болуы мүмкін.

"Неге LRT? Меніңше, олар үшін бұл жаңа нәрсені жасап көруге түрткі болғанына сенімдімін. Мақсаты – дәл осындай нысанда алғашқылардың бірі болып із қалдыру еді. Олар өз әрекеттері үшін қатаң жазаға тартылатынын жақсы білді. Бірақ сол тәуекел оларға ерекше жігер, өткірлік берген сынды" – деді қауымдастық өкілі.



Қауымдастық мәлімдеуінше, бұл граффитиде жасырын хабар немесе саяси контекст жоқ. Вагондарда атаулар, қолтаңбалар, бүркеншік аттар жазылды. Бұл граффитиді бояуға 20 минуттан артық уақыт кеткен жоқ.

CTS бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған еді.

Еске салсақ, Астанада әлдекімдер жаңа LRT вагондарына бояумен сурет салып кеткені айтылды. 

Қырмызы Скендирова
Бейсенбі, 26 Маусым, 2025 16:00
Талқылау