Астанадағы үйлердің ауласынан 22 жастағы қыздың денесі табылды
Астанадағы үйлердің ауласынан 22 жастағы қыздың денесі табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, марқұм тұрғын үйдің 24-ші қабатынан құлап кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: polisia.kz
Астана полиция департаменті бүгін сағат 13:23-те Алматы аудандық полиция бөліміне подъездің жанында жас қыздың мәйіті жатқаны туралы ақпарат түскенін хабарлады.
"Полицейлер келгеннен кейін 22 жастағы марқұмның жеке басы анықталды, ол қыздың биіктен құлап кеткені анықталды", – деп хабарлады полиция.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Бұған дейін Алматыда 18 жастағы жігіт терезеден секіріп кеткені хабарланды.
25 мың теңгелік автотұрақ: Көк Төбеде туристер есебінен кім табыс тауып отыр?
Парктің әкімшілік басшысы Фархат Уәлиев парк жұмысына қатысты сын негізсіз екенін айтады
"Жоғары жалақы, тегін үй мен тамақ, соңғы үлгідегі MacBook": Италиядағы халықаралық мектепте сабақ беретін қазақстандық ұстаздық жұмысы жайлы айтты
Нұржігіт: "Ата-аналар чаты жоқ, олар ұстазбен сөйлескісі келсе, арнайы қабылдауына жазылады"