Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанадағы тұрғын үй кешендерінде жезөкшелік қызметтің жарнамасы пайда болған

Астанадағы тұрғын үй кешендерінде жезөкшелік қызметтің жарнамасы ілінген. Тұрғындар ұятсыз жарнама кіреберісте жабыстырылып тұрғанын айтады. Интимдік қызметтер туралы ақпаратта егжей-тегжейлі нұсқауларды ашатын QR коды бар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Видеодан скриншот

Елордалық тұрғындар жезөкшелерге тапсырыс беру жарнамасы ашықтан-ашық таралып жүргеніне шағымданды.

“Бұлай болмас үшін біреу қадағалап отыруы керек. Егер олар кіреберістерге осылай іліп қойса, жақын арада әрбір пәтерге жарнаманы іліп кетер. Барлық жасты соған жетелеп жатқандай! Бұл өте қорқынышты! Бұған менталитетіміз әлі дайын емес. Бәлкім, Америкада мұны қалыпты нәрсе деп қабылдайды. Бірақ біз дайын емеспіз және дайын болмағанымыз жөн”, – деді елордалық Ақтоты.



Осы жарнамадағы QR кодты сканерлеу арқылы кез келген адам қыздарды таңдап, тапсырыс бере алатын әлеуметтік желі парақшаларына кіре алады. Онда клиенттерді "Қазақстанның ең нәзік қыздары" күтеді деп жазылған. Ұйымдастырушылар өтініштерді 14 наурыздан бастап қабылдайтынын жазыпты.

Мәжіліс депутаттары атышулы хабарламаларды естіп үлгерді. Олар мұндай ақпараттың таралуымен тек полиция емес, кем дегенде тағы екі мемлекеттік орган айналысуы керек деді.

Ақпарат министрлігі – бізді ақпараттан қорғайтын министрлік. Техникалық бөлігі, бұғаттау цифрлық даму министрлігі мен қауіпсіздік агенттіктерінің қолында. Ал осы контенттің салдары болса, полиция айналысады”, – деді мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева.

Талқылау