Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанадағы мектептердің бірінде 14 жастағы қыздың денесі табылды (видео)

Астанадағы №5 мектеп-гимназиясының жанынан 14 жастағы қыздың мәйіті табылды. Полицейлер әлеуметтік желіде пайда болған басылымға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото видеокадрдан скриншот жасалған

Әлеуметтік желіде мәйіт мектеп жанындағы қаңырап қалған ғимараттан табылды деп айтылған. Видеода бір кездері балабақша болған ғимаратты көруге болады. Басылым авторы қараусыз қалған ғимараттың қоршаумен қоршалмағанын және кез келген адам ішке емін-еркін кіре алатынын хабарлайды.

Полиция департаменті мәйіттің табылғаны туралы ақпаратты растады.

"10 қыркүйекте мәйітті тексеру кезінде дене жарақаттары анықталмаған. Қыздың табылғаны туралы хабарлама келіп түсті, оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері жарияланбайды", – деп хабарлады полиция департаменті.

Ал жергілікті тұрғындар бұл ғимаратта бірнеше рет түрлі оқиға болғанын айтып жатыр. Олардың сөзінше, бұған дейін мұнда шатыр жанып, ер адамның денесі табылған.



Еске салайық, бұған дейін Алматы қаласындағы №1 қалалық клиникалық аурухананың жанынан жалаңаш әйелдің мүрдесі табылғанын жаздық. Әлеуметтік желіде Алматыдағы №1 қалалық клиникалық аурухананың маңында киімсіз әйелдің денесі жатқаны туралы ақпарат пайда болды. Полиция табылған мәйіттің тексеріліп жатқанын хабарлады. Полицияның хабарлауынша, зорлық-зомбылық белгілері жоқ адамның денесі табылғаннан кейін қылмыстық іс қозғалған. Өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Басқа мән-жайлар анықталып жатыр. 

Талқылау