Астанадағы LRT пойызының қашан іске қосылатыны белгілі болды

Фото: GTS
Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте LRT жобасы алдағы айларда толық іске қосылатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жеңіс Қасымбектің айтуынша, жүйе биылғы қыркүйек айынан бастап тесттік режимде жұмыс істеп жатыр. Қазір қажетті вагондарды жеткізу жұмыстары жалғасып жатыр. Барлық құрамды желтоқсан айының соңына дейін толық әкелу жоспарланып отыр.
“Тесттік режим үш айдан алты айға дейін жалғасады. Алдағы бір-екі айдың ішінде барлық тексеру жұмыстары аяқталып, LRT жолаушыларды толыққанды тасымалдауға көшеді”, – деді Астана қаласының әкімі.
- Астанада LRT жабдықтарына адам өміріне қауіпті кернеу беріледі
- Астанада іске қосылған LRT пойыздарының жол желісі адам өміріне қауіпті екені ескертілді
Айта кетейік, Алматыда LRT желісін 2040 жылға дейін салу тағы да жоспарланып жатқаны туралы жазған едік.
Қолданыста жүргеніне 50 жылдан асқан: Астанадан ұшқан қазақстандық ұшақтағы түсқағазды көріп жағасын ұстады (видео)
Желі қолданушысы: "Қатты дыбыстан құлақ бітіп қалды, ұшақ қирап қалатындай көрінді"
Маска мен мұрын фильтрі алматылықтарды лас ауадан расымен қорғай ма: Мамандар құралдардың қайсысы тиімді екенін түсіндірді
Масканың көмегі болуы үшін оның FFP2 немесе N95 түрін таңдау керек