Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанадағы 8 жасар қызды аяғынан айырған автобус апаты: Жүргізушіге рақымшылық жасалды

Видеодан скриншот

Астанада жол апатынан кішкентай қыз аяғынан айырылған автобус жүргізушісіне рақымшылық жасалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Полицейлер автобус жүргізушісінің кінәсі қылмыстық іс материалдары мен сараптама қорытындысымен расталғанын айтты. Алайда оған рақымшылық жасалды.

"Рақымшылық жасау туралы" заңының негізінде күдікті қылмыстық істі тоқтату туралы арыз берген. Рақымшылық актісіне байланысты қылмыстық іс тоқтатылды. Десе де адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды деп есептеледі.


Астанадағы автобус апатында аяғынан айырылған қыз бала ауруханадан шығарылды


Астанада автобус апатынан аяғынан айырылған қыздың оңалту және аяғына протез салу шығындарын мемлекет көтереді


Сондай-ақ ведомство апатқа себеп болған себептер мен жағдайларды жою үшін агенттіктің қалалық әкімдікке ұсыныс жібергенін қосты.

Еске салайық, бұған дейін 2 маусым күні Астанада автобус бағанаға соғылып, салдарынан 15 жолаушы зардап шеккен еді. Сол оқиғада Алуа есімді бүлдіршін аяғынан айырылды. Қалалық №1 автобус паркі кейінірек хабарлағандай, жүргізуші бағананы байқамай қалған. 17 маусымда денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов Алуа ауруханадан шыққанын, Ақмола облысындағы тұрғылықты жері бойынша оңалту курсын өтетінін айтты.

Қырмызы Скендирова
Бейсенбі, 07 Тамыз, 2025 17:29
Талқылау
`