Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Астанадағы ауруханаларда орын қалмаған”: Ажар Ғиният жаңа вирус туралы ақпаратты жоққа шығарды

Денсаулық сақтау министрі Ажар Гиният Қазақстанда жаңа вирустар анықталмағанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Еске сала кетейік, бұған дейін желіде қазақстандықтар ЖРВИ-дің қатты түрімен ауырып жатқанын, бұл жаңа вирус болуы мүмкін екені туралы ақпарат тараған болатын. Аурудың басты белгілері – дене қызуының жоғарылауы (39,5 градустан жоғары), тонзиллит сияқты қатты тамақ ауруы, тез бронхит пен пневмонияға айналатын жөтел.

Жекеменшік клиникалардың дәрігерлері мен қазақстандықтардың өздері бұл жаңа вирус па деп ойлаған болатын. Алайда денсаулық сақтау министрі Ажар Гинияттан бұл ақпаратты жоққа шығарды. 

"Біз ешқандай жаңа вирус таппадық. Коронавирустық пандемияға байланысты 2-3 жыл сақтық шараларын қатаң сақтадық. Сондықтан бұл вирус бізді айналып өтті. Алайда бұл вирусқа қарсы иммунитетіміз болмағандықтан, қазір тез жұқтырып жатырмыз", –  деді Гиният.

Астанадағы ауруханаларда науқастар саны көбейген.  Хабарламалардың  көп болуына байланысты жедел жәрдем көліктері науқастарға 2-3 сағат дегенде әрең барып жатыр.

Талқылау