Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Audi Family Weekend Астанада: Audi-дің жаңа дилерлік орталығында отбасы мен эмоцияның, жылдамдықтың мерекесі өтті

Өткен демалыс күндері Астанада Audi Family Weekend іс-шарасы өтті. Мұнда премиум автокөліктеріне әуесқойлар мен жайлы отбасылық демалысты бағалайтындар жиналды. Астанадағы жаңа Audi дилерлік орталығы қонақтарға есігін айқара ашып, керемет көңіл күй мен әсерлерге толы ұмытылмас күн сыйлады. Audi Centre Astana Тұран даңғылындағы Orbis Auto автомобиль қалашығының аумағында ашылды. Бұл Астанадағы алғашқы толыққанды Audi монобрендтік дилерлік орталыққа айналды. 

Audi дилерлік орталығы жаңа Progressive концепциясына сай салынған. Шоурумның инновациялық концепциясы клиенттердің брендпен байланысына жаңа тәсіл қолданады. Негізгі идея – келушілерді премиум автокөліктер әлемі мен Audi брендінің философиясымен барынша таныстыру. Сондай-ақ технология, дизайн және тұтынушы тәжірибесі біріктірілген кеңістік құру. Шоурумның интерьері заманауи минималистік стильде жасалған. Ал оның іші брендтің аспектілерін көрсететін түрлі аймақтарға бөлінген. Атап айтқанда, сатып алу бойынша ақпарат, несиелік ұсыныстар мен сақтандыру бағдарламаларын талқылауға болатын кеңес беру аймағы бар. Сондай-ақ quattro bar демалыс орны қарастырылған. Клиенттер үшін quattro bar жағымды бонусқа айналады. Себебі мұнда кофе ішіп, автокөлікті сатып алу қызметтері аяқталуын күтіп, жайлы уақыт өткізуге болады.

Дилерлік орталықта Тrade-in бағдарламасы бойынша айырбастау мүмкіндігі бар. Мұнда жаңа автомобильдерді сатуды, кредиттеуді, сақтандыруды, автомобильдерге кепілдік және кепілдіктен кейінгі қызмет көрсетуді, оның ішінде барлық мерзімді техникалық тексеріс және маусымдық сервисті, шанақты жөндеу мен компьютерлік диагностиканы, жүріс бөлігін жөндеуді, түпнұсқа бөлшектер мен аксессуарларды сату, қосымша жабдықтар мен қауіпсіздік жүйелерін орнату, оның ішінде тораптар мен агрегаттарды күрделі жөндеуді қоса алғанда, қызметтердің толық спектрін ұсынады. Ал электрлі көліктердің иелері үшін 200 кВт жылдамдықтағы қуаттау станциясы жылдам қызмет етеді. Соның арқасында көлікті 100% - ға дейін қуаттауға небәрі 40 минут уақыт кетеді.

Сервистік аймақ Audi-дің ең жоғары стандарттары бойынша салынған. Мұнда автомобильдерді жөндеуді диагностикалауға арналған түпнұсқа неміс жабдықтары, сондай-ақ электр көліктеріне қызмет көрсететін Е-tron бірегей құралдары пайдаланылады. Сервистің барлық мамандары Германияда білім алған. Онда олар неміс әріптестерінің барлық буындағы Audi автомобильдерін диагностикалау және жөндеу бойынша тәжірибесімен танысты. Яғни бұл мамандар кез келген күрделі сервисті жүргізуге дайын. 

Қоймада қосалқы бөлшектер мен аксессуарлардың 10 000-нан астам атауы бар. Сонымен қатар автокөліктерге тез қызмет көрсететін жедел тапсырыс беру мүмкіндігі бар.

Шараны Audi Kazakhstan директоры Роман Кузьмин ашты. Ол бүкіл елге жаңа дилерлік орталық ашудың маңызына тоқталды. Ол жаңа орталық Audi-дің барлық стандартына сай, сонымен қатар тұтынушыларға жоғары деңгейде қызмет көрсетуге, бірегей шарттар мен неміс премиум брендінің теңдесі жоқ көліктерін ұсынуға дайын екенін айтты.

"Audi Family Weekend сапаны, инновацияны және жайлылықты бағалайтын адамдардың барлығы үшін нағыз мерекеге айналды. Біз клиенттерімізге автокөлік иеленудің ең жақсы әдісін ұсына алатынымызға қуаныштымыз", – деді директор өзінің құттықтау сөзінде.

Audi Family Weekend-тің ең жарқын және маңызды сәттерінің бірі Audi-дің ең танымал үлгілері – Audi Q5 және Audi SQ5-тің спорттық нұсқасын сынау болды. Тест-драйв Қазақстанның 2024 жылғы классикалық раллидегі вице-чемпионы – Эльдар Ринатұлы Батраевтың қатысуымен өтті. Қонақтар Audi-ді жүргізгендегі нақты күш пен дәлдікті сезініп, арнайы дайындалған жолдағы динамика мен жайлылықты бағалай алды. Сонымен қатар стандартты емес жағдайларда автомобильді қалай жүргізу керек екені туралы құнды кеңестер алды.

Audi Q5 – толықтырылған әрі сәнді премиум санатындағы кроссовер ғана емес, сонымен қатар отбасылық автокөлік ретінде тамаша таңдау. Мұнда стиль мен жайлылық, қауіпсіздік үйлесім тапқан. Өйткені көлікте қалада да, одан тыс жерлерде де қауіпсіз сапарлатуға қажеттінің бәрі бар.

Жаңа дилерлік орталықта 2024 жылғы жаңартылған Audi Q8 және Audi Q7 кроссоверлері, бірқатар Audi, сонымен қатар Audi S автомобильдерінің спорттық желісі ұсынылған. Оған қоса дилерлік орталыққа келушілер тест-драйвқа жазыла алады.

Қазір дилерлік орталықтарда Audi Q5-ке қатысты "Абсолютті жайлы жыл" атты арнайы ұсыныс бар. Бұл ұсыныс аясында автокөлікті сатып алғанда ауыстырылатын дөңгелектер мен оны бір жыл сақтау мүмкіндігін, Автомобильді сақтандыруды және қиын жағдайда қалғанда шақыру қызметін бір жылға сыйлыққа ала аласыз. Сонымен бірге Audi маркалы автокөліктердің барлығын бір жыл мерзімге бастапқы 50 пайызын төлей отырып, 0 пайыздық төлеммен немесе жеті жылға дейінгі мерзімге несиеге алуға болады. Оған қоса бастапқы жарнасыз бағдарламалар да қарастырылған.

Қосымша ақпарат алу үшін мына нөмірлерге қоңырау шалыңыз: +7 777 715 55 10 (Алматы), +7 777 715 56 00 (Астана)

жарнама құқығында

Талқылау