Астанадағы ауаның ластану деңгейі рұқсат етілген нормадан 23 есе асып түсті
Бүгінгі таңда Астанада ауаның ластану деңгейі ДДҰ ұсынған ауа сапасының орташа жылдық мәнінен 23.8 есе жоғары, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі IQAir.com сайтына сілтеме жасап.
Ауа сапасы мен атмосфераның ластануы бойынша қалалар рейтингінде Астана әлемде 7-ші орында. Ал Пәкістанның Лахор және Карачи қалалары, сондай-ақ Дакка (Бангладеш) ең лас қалалар деп саналады.
Сарапшылардың пікірінше, ауа сапасына оның құрамындағы PM2.5 ұсақ бөлшектерінің мөлшері әсер етеді. Олар ағаш көмір жаққанда, орман өрттерінен бөлінеді. Бірақ қоршаған ауаның ластануының негізгі көзі – автокөліктерден шығатын газдар.
Ауадағы қауіпті қосылыстар қала тұрғындарының денсаулығына елеулі зиян келтіріп, экономикалық зардап әкеледі.
Мамандар ауаның ластануынан қорғанудың жолдарын ұсынды. Сыртқа шыққанда маска киіп, үйде ауа тазартқышты қосу керек.Сондай-ақ, терезелерді жауып жүруге кеңес берді.
Талқылау
BI Group жалдаған компания жұмысшыларына еңбекақысын төлемеді деп айыпталды
Әйелдің айтуынша, тексерісті BI Group компаниясының ішкі қауіпсіздік қызметі жүргізген
Жинағыңызды алтынмен сақтау тиімді ме – Сарапшылар бағалы металдың грамы 100 мың теңгеге жететінін болжады
Маманның сөзінше, тарихи тұрғыда қор нарығы құлдыраған кезде алтынға сұраныс артады