Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жүргізуші кәулігін сатып 100 миллион теңге пайда тапқан: ХҚКО басшысының орынбасары ұсталды

Фото: ҰҚК 

Астанада, Ақмола және Павлодар облыстарындағы Мамандандырылған ХҚКО-ның қызметкерлері жүргізуші куәліктерін ақшалай сыйақыға рәсімдеп отырған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ұлттық қауіпсіздік қызметінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 2026 жылдың басынан автомектептердің жұмысында және жүргізуші куәліктерін рәсімдеуде заңсыз сыйақы алу және өкілеттіктерді теріс пайдалану фактілерін анықтады.

Мысалы Астана қаласында бұрынғы Мамандандырылған ХҚКО-ның басшысының орынбасары жүйелі түрде пара алып, азаматтарға емтихан тапсыруға және жүргізуші куәлігін алуға көмектескені әшкереленді.

“Процестік түрде 100 миллион теңгеден асатын жалпы сомада 60-тан астам факті рәсімделген”, — деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.

Сонымен қатар Көкшетау қаласындағы Мамандандырылған ХҚКО және Екібастұз қаласындағы “Азаматтарға арналған үкімет” КЕАҚ филиалдарының басшыларының заңсыз әрекеттері тоқтатылды. Белгілі болғандай, олар емтихан тапсыруды жалған тұлғалар арқылы ұйымдастыру үшін ақша алған.

“Сондай-ақ Астана, Шымкент және Тараз қалаларындағы “Азаматтарға арналған үкімет” КЕАҚ филиалдарында жылжымайтын мүлікті қайта тіркеу және ауыртпалықтарды алу кезінде өз өкілеттіктерін теріс пайдаланған лауазымды тұлғалардың заңсыз баю фактілері анықталды”, – деп қосты комитет.

Деректер бойынша соталды тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін ҰҚК 11 миллиард теңге жымқырған Проблемалық кредиттер қорының бұрынғы басшысын ұстағаны хабарланған еді.

Балнұр Рахматуллақызы
Бейсенбі, 19 Наурыз, 2026 13:59