Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Астанада жел электр станциясының 23,2 миллиард теңгесін жымқырған экс-мəслихат депутаттары сотталды

Фото: Видеодан скрин

Астанада экс-мəслихат депутаты А.Беленцева мен Д.Мергенбаевқа қатысты аса ірі мөлшерде ұрлық фактісі бойынша үкім шығарылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тергеуді қаржы мониторингі агенттігінің Астана бойынша департаменті жүргізді. 2020 жылы сотталғандар ТОО "Олимп Транс Сервис" атынан 23,2 миллиард теңгеге Ерейментау ауданында жел электр станциясын салуға шарт жасасқан.

“Жалған шарттарды рәсімдеу арқылы олар ақшаны серіктес компаниялардың шоттарына аударып, кейіннен қолма-қол ақшаға айналдырған. Осылайша келтірілген залал көлемі 8,5 миллиард теңгеден асты. Соттың санкциясымен 13 миллиард теңге тұратын мүлікке (зауыт, демалыс базасы, арнайы техника мен көлік құралдары) тыйым салынды. Сот үкімімен Беленцева кінəлі деп танылып, оған 8 жыл 6 ай, Мергенбаевқа 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Бұдан бөлек, сот 8,5 миллиард теңге көлеміндегі азаматтық талапты қанағаттандырды”, – делінген хабарламада.

Азаматтық талапты орындау мәселесі қаралғанға дейін мүлікке салынған тыйым сақталады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.


"150 мыңнан 400 мың теңгеге дейін": Шымкентте лауазымды тұлғалар жүргізуші куәлігін заңсыз жасап сатқан


Көкшетауда лауазымды тұлғалар "Набережная" жағажайын салуға бөлінген 170 миллион теңгені жымқырған (видео)


Еске салайық, бұған дейін Ақтауда "Сұлтан", "Аққала" және "Мұрагер" көпқабатты тұрғын үйлер құрылысы кезінде аса ірі көлемдегі алаяқтық фактісі бойынша айыптау үкімі шықты. Тергеу барысында 5 жер телімі мен 47 автокөлікке тыйым салынды. Сот үкімімен компания басшылары 3,5 жылдан 6,5 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ жәбірленушілердің азаматтық талаптарын өтеу мақсатында 1,1 миллиард теңге көлеміндегі мүлік тәркіленіп, өтем ретінде аударылған.

Айым Атамбаева
Сәрсенбі, 14 Мамыр, 2025 17:18
Талқылау