Астанада жасөспірімдер автобустың артына мініп, қаланы аралаған (видео)

Фото: Видеодан скрин
Астанада қалалық автобусқа артқы жағына мінген жасөспірімдер видеоға түсіп қалды. Қазір олардың жеке басын анықтап жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Kriminal_kazakhstan Telegram арнасында жасөспірімдердің автобустың артқы бамперінде тұрып, қаланы аралап жүрген сәті жарияланды. Оқиға Астананың оң жақ жағалауындағы орталық бөлігінде болған. Жасөспірімдер №58 бағыттағы автобуспен бірнеше аялдама бойы осылай жүрген.
Жасөспірімдердің бұл әрекеті өмірлеріне қауіп төндірді.
Астана қалалық полиция департаментінің мәліметінше, Сарыарқа аудандық полиция басқармасы жасөспірімдердің жеке басын анықтап жатыр.
“Анықталған жағдайда қолданыстағы заңнамасына сәйкес шаралар қабылданады”, – деп мәлімдеді полиция.
Бұған дейін автобуста жолаушы әйел аутизмге шалдыққан баланы балағаттап, көпшіліктің ашуына тиген еді.
Мұнай бағасы барреліне 200 долларға жетсе Қазақстанға пайда әкеле ме әлде қауіп пе
Мұндай шектен тыс қымбатшылық өз-өзін жоятын механизмді іске қосады дейді сарапшы
"Пасханы да, Ораза айтты да бірге тойлаймыз": Қазақстандық ару көпұлтты отбасындағы татулық пен ерекше дәстүрлері туралы айтты
Наргиза: "Дін мен тілге бөлінбей барлық ұстанымдарға екіжақты құрмет көрсетеміз"