Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада жасөспірім адамдарды 11 млн теңгеге алдап соққан

Астанада кәмелетке толмаған алаяқ тұрғындарыға банктік қосымша арқылы ақшалай несие рәсімдеу жоспарын ойлап тапқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: stock.adobe.com

Астана қалалық прокуратурасының мәліметінше, жасөспірім жәбірленушілерге несие рәсімдетіп, ақшаларын трейдингтік компанияларға инвестициялайтынын айтқан. Барлық несиені өзі жабуға уәде берген. Сонымен қатар алаяқ жәбірленушілерді қарыз сомасының 22% түрінде, сондай-ақ келген әр жаңа клиент үшін 10% түріндегі сыйақы беремін деп алдаған.

“Осылайша, кәмелетке толмаған күдікті 20 жәбірленушінің 11 миллион теңгеден астам ақшасын жымқырған. Сотта мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін дәлелдеп, оның жәбірленушілер үшін табыс табу ниеті болмағанын анықтады. Ол барлық ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған”, – делінген хабарламада. 


"Банкомат алдында кезекте тұрғандардан ақша алмаңыздар": Заңгер қазақстандықтарға алаяқтықтың тағы бір түрі туралы ескертті


Сот жасөспірімді кінәлі деп тапты. Жәбірленушілердің азаматтық талаптары қанағаттандырылып, үкім заңды күшіне енді.

Прокуратура тұрғындарды тез және үлкен табыс әкелетін күмәнді мәмілелерден бас тартуға шақырды. 

Еске салсақ, бұған дейін Астанада алаяқтардың Дубай шоколадын "сатып", табыс таппақ болғаны туралы жазған едік.

Талқылау