Астанада жас жігітті компьютерлік клубтан әскери комиссариатқа күштеп алып кеткен (видео)

Желіде компьютерлік клубтардың бірінде жас жігітті әскерге күштеп алып кеткен сәті түсірілген видео пайда тарады. Аталған жағдайға қатысты Астана қалалық қорғаныс істері жөніндегі департамент түсініктеме берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әлеуметтік желіде әскерге шақырылушыны күшпен әскери комиссариатқа алып кеткен кезекті видео жарияланды. Бұл жолы Астанадағы компьютерлік клубтан жігітті еденде сүйреп, күштеп алып шыққан.
Астана қалалық қорғаныс істері жөніндегі департамент өкілдері оқиғаның 17 желтоқсанда болғанын хабарлады. Жедел алдын алу іс-шарасы аясында компьютерлік клубтардың бірінде 2006 жылы туған, әскери есепте тұрған әрі әскерге шақыру жасындағы азамат анықталған.
Қорғаныс вице-министрі Қазақстанда әскерге бармай, әскери билет алудың заңды жолы туралы айтты
Қазақстанда енді әскерге шақырылғандарды көшеден күштеп алып кетпейді
“Тексеру барысында аталған азаматқа бұрын бірнеше рет әскери қызметке жарамдылығын анықтау үшін медициналық тексеруден өту қажеттігі туралы СМС-хабарламалар жіберілгені, алайда оның бұл ескертулерді елемегені анықталды. Қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес, азамат медициналық комиссиядан өту үшін полиция қызметкерлері арқылы қалалық жинақтау пунктіне жеткізілді”, – делінген департамент жауабында.
Департамент алғашқы медициналық тексерудің нәтижелері бойынша жігіт тұрақты тіркелген жері бойынша қосымша медициналық тексеруге жіберілгенін атап өтті. Жігітке тиісті жолдама беріліп, үйіне жіберілген.
Еске салсақ, бұған дейін Астанада 23 жастағы жігітті сауда орталығынан әскери комиссариатқа күштеп алып кеткені туралы жазған едік.
Екі күнде үш рет төтенше жағдайда қонды: Авиация сарапшысы қыс мезгілінде ұшудың қаншалық қауіпті екенін айтты