Астанада заңсыз ет өңдеу нысаны анықталып, үш тонна ет пен мал өлекселері тәркіленді
Фото: Видеодан скрин
Астанада заңсыз ет өңдеу нысаны анықталды. Полиция үш тонна сапасы күмәнді ет өнімдерін және 40-тан астам ірі қара малдың өлекселерін тәркіледі. Олардың мәліметінше, нысан иелерінің қажетті ветеринарлық және басқа да рұқсаттары болмаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Жануарларды сою өрескел антисанитарлық жағдайда жүргізілген. Ветеринарлық-санитарлық нормалар мен арнайы талаптардың сақталмағаны айтпаса да түсінікті. Тексеру барысында жедел уәкілдер 180 қап ет өнімін, жылқы, ірі және ұсақ малдың ондаған ұшасын тауып, тәркіледі. Сонымен бірге ұйымдастырушылардан барлық жабдық алынды.
"Ауылдың малынан көп": Жамбыл облысында есек қаптап, төрт түлікті азықсыз қалдырды
Ақтөбе облысында шаруалар ірі қараны мал сою орнына тапсырғаны үшін өтемақы ала алмаған
“Аталған дерек бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру базасы арқылы тексеру жүргізіліп жатыр. Мал мен ет өнімдерінің шығу тегі анықталып, олардың ұрланған-ұрланбағаны да тексеріледі”, – деді Астана қалалық полиция департаментінің криминалдық полиция бөлімінің бастығы Қуат Әлкеев.
Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбе облысында ірі қара індеттен қырылып, өңірге карантин енгізілгені туралы жазған едік.
"Біреулер көрсін, гей болсын демейміз": Қазақстандықтар желіде ЛГБТ насихатына тыйым салу туралы заңды қызу талқылап жатыр