Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада туу туралы және адам өлімі туралы куәлікті ХҚКО-дан үш сағатта алуға болады

3 шілдеден бастап Астана қаласының Есіл аудандық халыққа қызмет көрсету орталығынан туу туралы және өлгендігі жөніндегі куәліктерді үш сағаттың ішінде алуға болады, деп хабарлады «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының төрағасы Абылайхан Оспанов.

a604bd91-7e76-4853-8b45-7764db560ff3

«1 шілдеден бастап Әділет министрлігі әкімдікпен бірлесіп, «Санкт-Петербург» бизнес орталығындағы ХҚКО-ында сынамалы жобаны іске қосты және бүгіннен бастап туу және өлгендігі жөніндегі куәліктерді алу үшін ХҚҚО-дағы біздің мамандарымыздың көмегіне жүгінулеріңізге болады. Бұл жоба куәліктерді алу уақытын екі күннен үш сағатқа дейін қысқартуға мүмкіндік берді. Оның өзінде үш сағаттың өзі ең жоғарғы көрсеткіш.

Шын мәнісінде құжаттар бірден өңделіп, дайындалады және дайын болысымен иесіне беріледі. Бізге қазір екі қызмет бойынша құжаттарды тіркеу және әзірлеу жұмыстарының мөлшерін есептеп шығару керек. Егер бәрі сәтті аяқталып жатса, құжаттарды қабылдау еліміздің барлық ХҚО-ында жүзеге асырылатын болады», – деп жазды Абылайхан Оспанов Фейсбуктегі парақшасында.

Тағы да оқыңыз:

Астаналық оқушылардың жаңа мектеп формасы таныстырылды (фото)

Жетісулық шебер әйнек сынығынан мешіттің шағын моделін жасайды (фото)

Баян Мақсатқызы отбасылы Тұрсын Алагөзовке ессіз ғашық болған күндері туралы айтты

Талқылау