Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада төртемнің өмірге келуі ата-анасы үшін күтпеген тосынсый болды (фото, видео)

ҚР ҰҚК Шекара қызметінде қызмет ететін әскери қызметшінің отбасында төртем туылды. Қазақстан Республикасының мерейтойы қарсаңында бұл дегеніңіз Спановтар әулетіне берілген үлкен сыйлық іспеттес болды, деп хабарлайды Stan.kz.

KAT_9889

Нақтырақ айтқанда, Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында Шекара қызметінің «Астана» бақылау-өткізу бекетінде қызмет атқаратын прапорщик Асхат Спановтың отбасында екі ұл, екі қыз бір мезгілде туылды, мәлімдеді ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Асхат пен Салтанат үшін бұл ұзақ күткен жаңалық болғандығы жасырын емес. Көпбалалы ата-аналар өздерінің жүрекжарды қуаныштарымен шын көңілден бөлісіп, Астана қаласындағы №1 әйелдер босанатын орталықтың медицина қызметкерлеріне алғыстарын айтуда.

KAT_9878 (2)

“Алғашқыда бізге үшем болатындығын айтқан болатын, ал төртем болған кезде біз тіпті қуандық”, – дейді өзінің қуанышын бөліскен жас ана Салтанат Спанова, – жүктілік кезінде мен дәрігерліердің жіті қадағалауында болдым, күйеуім де мені жақсы қолдап, қолынан келген көмегін аяған жоқ.

Көпбалалы отбасының әкесі де өзінің қуанышын жасыра алмай, алғашқы әсерімен бөлісті. Сәбилердің дүние есігін ашқандығы туралы жаңалықты әскери қызметті атқарып жүрген кезде әйелдер босанатын орталықтың дәрігерлерінен естіпті. Асхат та қатты қуанғаны сонша ең алдымен ата-анасына хабарласып, қуанышты жаңалықты жеткізіпті.

KAT_9895

Жоғарыда аталған орталықтың меңгерушісі Клара Бектұрсынованың сөзіне қарағанда, жаңа босанған ананың да, өмір есігін жаңа ғана ашқан сәбилердің де денсаулығы ойдағыдай, өздерін жақсы сезінуде, әрине, олар әлі де дәрігерлердің бақылауында болады. Салтанат болса оларды күнделікті түрде емізіп, аналық мейрімін төгуде, ал сәбилер күннен-күнге күш жинауда.

Асхаттың айтуына қарағанда, үйдегі әжесінің көмегімен сәбилерге сүйікті есімдерін қойыпты. Сонымен, сәбилері  – Әрсен, Әлихан, Диара және Әделдің тезірек орталықтан шығып, үйге қайтуын асыға күткен прапорщик Спанов сонымен бірге Отанымыздың шекара шебін де қөздің қарашығындай күзетуді жалғастыруда.

Жіберіп алмаңыз:

“Болашақ” бағдарламасымен оқуға аттанып ұшты-күйлі жоғалған Ержан Еліков АҚШ-тан табылды

Әйел балаларын пәтерге тоғыз күнге қалдырып кетіп оларды аштан өлтірген

Әнші Абай Бегей ауруханаға түсіп қалды

Талдықорғандық 11 жасар баланың Аяз Атаға жазған хаты қазақстандықтардың жүрегін тебірентті

Талқылау