Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада тергеуші 9-қабаттан құлап көз жұмды

Астанада 26 жастағы әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Kozachkov offside телеграм арнасында жарияланған ақпаратта әйелдің өзіне қол жұмсағаны, сондай-ақ марқұмның Алматы аудандық полиция басқармасында тергеуші болып жұмыс істегені айтылған. 

“26 жастағы әйел өзі бөлме жалдап тұрған пәтердің терезесінен секіріп кеткен. Қайғылы оқиғаның алдын ала себебі - жігітімен айырылысуы”, – делінген ақпаратта. 



Оқиғаға қатысты Астана қалалық полиция департаменті түсініктеме берді

"Мәйіттің табылуы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәлімет бойынша, марқұм 9-қабаттан құлаған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", – делінген полиция хабарламасында.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда альпинист баннер орнатамын деп 12-қабаттан құлап кеткені туралы жазған едік.

Талқылау