Астанада телефон ұстаған жүргізушілерді дрондар жазалап жүр

Елордада дрондар жол ережесін бұзғандарды дәл сол сәтте бейнежазбаға түсіріп, айыппұл салып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Көше жиегінде тұратын тәртіп сақшыларын енді дрондары алмастырды. Олар жол қозғалысын әуеден басқарады.
Ұшқышсыз аппараттар рульде телефон қолданған, қауіпсіздік белдігін тақпаған жүргізушілерді бірден камераға түсіреді. Сонымен қатар қарсы жолаққа шығып кеткендер мен қауіпті маневр жасағандар да назардан тыс қалмайды. Бақылау “Ekin-патруль” экипаждары, дрондар және Жедел басқару орталығының камералары арқылы жүргізіліп жатыр.
Тіркелген әрбір құқықбұзушылық бойынша жүргізушілер жауапқа тартылады.
“Мұндай бақылау жолдағы тәртіпті күшейтіп, апатты азайтуға көмектеседі”, – дейді тәртіп сақшылары.
Бұдан бөлек, бұл құралдар, тұрғындардың да қадағалайды екен. Бейнебақылау камералары жоқ жерде азаматтардың заңсыз әрекеттерін түсіріп, дереу тәртіп сақшыларына жолдайды.
Қазақстандықтар үшін шетелге демалуға ең тиімді айлар аталды