Астанада "Sirius Energy" қаржы пирамидасы әшкереленді: 380 адам зардап шеккен

Астанада "Sirius Energy" атауымен жұмыс істеген қаржы пирамидасының қызметі әшкереленді. Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, жаңартылатын энергия жобаларына инвестиция салуды ұсынған ұйымға 380 азамат алданып, кейбірі тіпті несие алып қаржы салған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қаржы мониторингі агенттігі Астана қаласы бойынша департаменті "Sirius Energy" қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқару фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр.
Ұйымдастырушы өзін чилилік "Sirius Energy" компаниясының өкілі ретінде таныстырып, азаматтарды жаңартылатын энергия көздері саласындағы жоғары табыс әкелетін жобаларға инвестиция салуға үгіттеген.
Қаражат тек USDT криптовалютасы арқылы қабылданып, кейін қатысушыларға шартты бонустар көрсетілетін жеке кабинеттер ашылған.
Салымшыларды тарту мақсатында күдікті Алматы және Астана қалаларында кеңсе ашып, тұрақты түрде тренингтер өткізген. Сонымен қатар Instagram және TikTok әлеуметтік желілері арқылы белсенді жарнама жүргізіп, заңды қызмет атқарып отырғандай әсер қалыптастыру үшін үшінші тұлғаның атына ЖШС тіркеген. Алайда іс жүзінде ешқандай қызмет көрсетілмеген.
Осылайша, 380 азамат қаржы пирамидасының құрбанына айналған. Жәбірленушілердің бірі ұйымдастырушының жоғары табыс туралы уәдесіне сеніп, жобаға инвестиция салу үшін 3 миллион теңге көлемінде несие рәсімдеген.
Алайда ешқандай төлем жасалмаған, енді ол несиені пайызымен бірге өз қаражатынан өтеуге мәжбүр. Сот санкциясымен ұйымдастырушының банк шоттарына тыйым салынды. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды.
- "Баспана мен көлік алып береміз деп алдаған": Семейде алаяқтар тұрғындарды 1 миллиард теңгеге сан соқтырған
-
Халықтан 25 миллиард теңге жинаған "Asar Baspana" қаржылық пирамидасының ісі сотқа жолданды
Еске салайық, бұған дейін Астанада өзін британиялық қор ретінде таныстырған "S-Group" пирамидасы әшкереленгенін жазған едік. Салымшыларға айына 15%-20%, жылына 120%-180% көлемінде табыс уәде етілген. Инвестициялық қызметтің шынайы жүргізіліп жатқандай көрінуі үшін қатысушыларға компанияның сайтындағы жеке кабинетке қолжетімділік берілген, онда виртуалды депозиттер, "табыстың өсімі" және есептелген қаражат көрсетілген.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан