Астанада шугаринг жасайтын әйел тұрақты клиентін 1 млн 600 мың теңгеге алдап кеткен
Шугаринг шеберінің қызметіне жүгінген елордалық әйел алаяққа алданғанын айтып, полицияға арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, ол салонның тұрақты клиенті болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ашық дереккөзден
Шугаринг жасайтын әйел клиентінің қызын ақылы түрде жақсы жағдайда босандыратын таныс дәрігері барын айтқан. Жәбірленуші оған сеніп, еш ойланбастан 1 миллион 600 мың теңгені алаяқтың қолына ұстатқан.
“Алаяқ жәбірленушіні қызының операциясына арналған ақшаны беруге көндіріп, қаражатты дәрігерге апарып беруге уәде берген. Алайда алаяқ ақшаны алған соң ізін суытып, хабарсыз кеткен”, – деп мәлімдеді полиция.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 29 жастағы әйел алаяқтық жасап, тапқан ақшаны өз қажетіне жұмсағанын мойындады.
"Азық-түлік пен медицина қолжетімді": Иранда тұратын қазақ қандастар Отанға оралғысы келмейтінін айтты
Ажар: “Ауруханалар мен университеттер бомбаланып жатыр”
"Асқан қатыгездік": Қазақстандықтар қаңғыбас иттерді жаппай өлтіру туралы заң жобасына қарсы шықты
Тұрғын: "Қоғамның деңгейі оның жануарларға деген қарым-қатынасынан көрінеді"