Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада салынып жатқан LRT-да жолақысы қанша теңге болмақ

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек “LRT-да жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?” деген сұраққа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: t.me/KZgovernment

Сарайшық ауданы тұрғындарымен есеп беру кездесуінде қала басшысы LRT жолақысының бағасы әлі нақтыланбағанын айтты.

“Жоба бойынша бағасы 100-200 теңге аралығында белгіленген. Әзірге осы шамада қалады”, – деді әкім.

Сондай-ақ қала басшысы тұрғындармен кездесуде LRT маңындағы аумақты абаттандыру жұмыстары осы аптада басталатынын атап өткен еді. Бұған қоса ол нысан аумағындағы жолдарды жөндеу жұмыстары осы жылдың соңына дейін аяқталатынын мәлімдеді.

Еске салсақ, таяуда “CTS" ЖШС басқарма төрағасы Асылбек Дүйсебаев қыркүйекте LRT-ны тестілік режимде іске қосу, яғни жолаушысыз пойыздарды сынақтан өткізу жоспарланып отырғанын айтты. Астанадағы жеңіл рельсті көлік жобасы озық GoA4 стандартына сәйкес жүзеге асырылып жатыр, бұл 6 айлық сынақ мерзімін талап етеді.

Талқылау