Астанада "Degirmen" мейрамханасы рұқсатсыз ашылды деп тұрғындар шу шығарды
Астанада Сәтбаев көшесінде жертөледен рұқсат құжатынсыз "Degirmen" мейрамханасы ашылды деген ақпарат тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Астана - Что? Где? Когда? Facebook-парақшасында "Degirmen" мейрамханасының жаңа филлиалына байланысты дау туып, тұрғындар наразылығын жазған.
Желі қолданушысының айтуынша "Degirmen" мейрамханасын жертөледен ашуға рұқсат берілмесе де, олар жұмысын жалғастырып отыр.
Сондай-ақ жалға беруші ұлттық мұрағат директорының орынбасары екен.
“Құжат бойынша ол баласына бәрін сенімгерлікпен тапсырған, бірақ ол үй тұрғындарымен кездесуге үнемі өзі қатысады. Сол кезде өзін дөрекі және тәкәппар ұстайды, бұл мемлекеттік қызметшілердің этика кодексіне сай келмейді. Тұрғындар иіске аллергиясы бар деген кезде компания аллергияны емдеу және курорттық емге ақы төлеп береді деді. Жалға алушы түрік азаматы Фират Эмре дейді”, – деп жазды желі қолданушысы анонимді түрде.
Олар Астана қаласы Алматы ауданының әкімдігі мен учаскелік полиция қызметкеріне, ішкі істер бөліміне бірнеше рет жүгініпті. Оларды сору құбырының терезе астында тұрғаны ашуландырды.
“Кәсіпкер тұрғындардың үштен екісінің рұқсатын алуға міндетті. Тұрғын үйдің тұрмыстық санитарлық, экологиялық және өрт қауіпсіздігі жағдайлары нашарлағанда, пәтер иелерінің жалпы саны дауысқа салынады. Сору құбыры тұрғындардың терезелерінің астында емес, үйдің шатырының үстінде орналасуы керек”, – деді ол.
Stan.kz тілшісі Астана әкімдігінің баспасөз қызметінен жағдай туралы сұрап көрді.
“Тұрғындардың шағымы тіркелді. Тексеріс басталуы үшін 3 жұмыс күні тіркеу қаралуы керек. Тексерістен соң баға бере аламыз”, – деп мәлімдеді әкімдіктің баспасөз хатшысы.