Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бір адамға 15 шаршы метр: Астанада пәтерге тіркеуге шектеу бекітілді

Фото: freepik.com

Астанада тұрғылықты жері бойынша тіркеу мен уақытша тіркелуді реттейтін нормативтер жобасы әзірленді. Құжатқа сәйкес, бір адам кемінде 15 шаршы метрді пайдалануы керек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қаулы жобасын елордалық мәслихаттың (парламенттің) кезектен тыс сессиясында Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау департаментінің басшысы Ерлан Жүсіпов таныстырды.


"Тек туысының үйіне тіркеле алады": Астанада танысының баспанасына уақытша тіркеуге тұруға болмайды


3,7 миллиард теңге залал келген: Жүк көліктерін заңсыз тіркеумен айналысқан “Азаматтарға арналған үкімет” маманы Ресейден экстрадицияланды


“Құжаттың негізгі мақсаты - тіркеу процесін жеңілдету және инфрақұрылым мен әлеуметтік қажеттіліктерді жоспарлауды жақсарту”, –деді ол. 

Жүсіповтың айтуынша, бұл ереже бірге тұратын жұбайлар, балалар және туыстарға қолданылмайды.

“Бұл норматив бір тұрғын үйде ондаған, кейде жүздеген адам тіркелетін жағдайдың алдын алады”, – деді ол.

Мәслихаттың қаулы жобасы барлық бекіту кезеңінен өтеді. Бұрын құжат “Ашық нормативтік-құқықтық актілер” порталында жарияланған еді. Оған азаматтардан ешқандай ескерту немесе ұсыныс түспеген.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда тұрғылықты жері бойынша тіркеу ережелері өзгеретінін хабарлаған едік. 

Жұмаділлә Нұрила
Жұма, 26 Желтоқсан, 2025 16:52