Астанада пара дзюдодан Гран-При турнирі өтеді
Астана қаласында 23-24 қараша күндері пара дзюдодан Grand Prix жарысы өтеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Елордамызда пара дзюдодан Grand Prix жарысы өтіп, балуандар 10 салмақ дәрежесінде жүлдені сарапқа салынады. Жарыстың басты ерекшелігі салмақ дәрежелерінің өзгеруі болмақ. Ерлер енді 70, 81, 95 және +95 келіде, ал әйелдер 52, 60, 70 және +70 келіде жүлде үшін күреседі. Айтулы додаға 15 мемлекеттен 100-ге жуық спортшы қатысады. Қазақстан намысын Астана қаласының үш параспортшысы J1 санатында қорғайтын болады.
Олар:
Асылан Нұрдаулетов (73 кг);
Бауыржан Арыстанбеков (90 кг);
Ерболат Бекентаев (90 кг).
Айта кетейік, жарыстың ашылу салтанаты 23 қараша күні Beeline Arena спорт кешенінде сағат 15:00-де өтеді.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"

