Астанада өрт салдарынан мүгедек болған тұрғынға 15 млн теңге төленді
Көп пәтерлі тұрғын үйде болған өрт салдарынан Астана тұрғыны мүгедек болып қалды.
Сурет: Хабар 24
Бұл туралы Stan.kz Астана қалалық сот сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
2009 жылы 8 мамырда көп пәтерлі тұрғын үй кешенінде «С» ЖШС-ның өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін сақтамағандықтан өрт шыққан. Өрттің салдарынан ұй тұрғындары жапа шекті және олар ауыр халде ауруханаға жеткізілген.
Азамат К.-ға бірнеше рет ота жасалды және екінші топ мүгедектігін алды. Сотта анықталғандай, жәбірленуші тек қана Қазақстанда ғана емес, Германияның Фрайбург қаласында ем алған. Тұрғын үй кешеніндегі өрт фактісі бойынша Астана қаласының Ішкі істер деапртаменті ҚР ҚК 255 бабының 2 бөлігінде (1997 жылы басылым-өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу) көзделген қылмыстар негізінде қылмыстық іс қозғады.
Астана қаласы Алматы аудандық сотының шешімімен «С» ЖШС-дан К.-ның пайдасына 3 787 546 теңге көлемінде материалдық залал шығыны, 10 990 600 теңге Германияда жүргізілген емдеу шығыны, 147 781 теңге мемлекеттік баж сомасы өндірілді. Шешім заңды күшіне енді.
Жіберіп алмаңыз:
Солтүстік Кореядағы ядролық полигонда 200-ден астам адам қаза тапты
Ресейде аяқ астынан көл тартылып қалды