Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада мемлекеттік қызметтегі басшы қарамағындағыларға дауыс көтеріп, балағат сөздер айтқан

Астанада қарамағындағы қызметкерлеріне дауыс көтеріп, балағат сөздер айтқан мемлекеттік қызметтегі лауазымды тұлғалар жазаланды.

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

Астана қаласының тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің қызметкерлері әдеп жөніндегі кеңеске басшысының үстінен ұжымдық шағым түсірген. Департамент жетекшісінің орынбарасары Р.Шазадаев қарамағындағы қызметкерлеріне дауыс көтеріп, дөрекілік танытқан. Әдепсіз қылық көрсеткен лауазымды тұлға сөгіс түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Бұдан бөлек тағы бір шенеунік жазаланған. Инвестициялар және даму министрлігінің индустриялық даму және өндірістік қауіпсіздік комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің бөлім басшысы Б.Исаев әріптесіне балағат сөздер айтқан. Жоспардан тыс тексеру нәтижесінде оған ескерту жарияланды.

Жалпы, 2017 жылы әдеп жөніндегі кеңес отырыстарында 64 сұрақ пен 26 тәртіптік іс қаралып, 7 лауазымды тұлғаға сөгіс, 2 адамға қатаң сөгіс және 3 адамға ескерту жасалған.

Оқи отырыңыз:

Алматыда үш әйелді өлтіріп, ағзаларын кесіп алған қанішердің ісі сотқа тапсырылды

ОҚО әкімі 7 жасар баланың ауылдастарымен кездесті  

Елімізде наурыз көжеге қосылатын қоспалар бағасы қымбаттап кетті

Қызғаныштан кастрациялаған: Іс құжаттары прокуратураға жіберілді

Талқылау