Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада мектеп оқушылары сабақ алдында ұялы телефондарын тапсыруға міндеттелді

Астанадағы бірнеше мектепте оқушылар сабақ алдында арнайы ұяшықтарға телефон тапсыруға міндеттелді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Елорданың білім басқармасының мәліметінше, шара білім беру сапасы мен оқушылардың психологиялық денсаулығын жақсартады.

"Смартфонсыз мектеп" жобасына №1, 4, 7, 8, 17, 18, 25, 28, 29, 32, 34, 43, 46, 48, 52, 58, 70, 73, 76, 77, 87, 93, 103 және 108 оқу орындары қосылды.



"Білім алушылар бірінші сабақ алдында ұялы телефондарын арнайы ұяшықтарға салады. Мұндай шара оқушылардың ойлауы мен психологиялық денсаулығына оң әсер етеді", — делінген хабарламада.

Талқылау