Астанада мас еркек тойда өнер көрсеткен бишінің қолынан сүйреп, итеріп жіберген (видео)

Қосшы қаласында өткен тойлардың бірінде ішімдікке сылқия тойып алған еркек өнер көрсетуге шыққан биші әйелді тоқтатып, қолынан сүйреп, итеріп жіберген. Әйел ер адамның үстінен полицияға арыз түсірмек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Айсұлу есімді әйел бұл жағдайдың екі күн бұрын болғанын айтады.
“Елестете аласыз ба, мұндай жағдай 14 жылдың ішінде бірінші рет болып тұр. Мен өнер көрсетуге қорқып қалдым. Бұл бейтаныс мас еркек. Шімірікпестен менің биімді тоқтатып, шабуыл жасамақ болды. Екі күн өтсе де полицияға арыз түсіремін. Мұны жай қалдырмау керек. Асаба мен тапсырыс берушілер мас ер адамның атын жасырып қалды”, – деп ашынды жәбірленуші.
Айтуынша, ол үш баланы асырап отырған жалғызбасты ана. Балаларын да осылай нәпақа тауып асырап жүргенін жеткізді.
Осы тұста желі қолданушыларынң пікірі екіге бөлінді. Бірі әйелге қолдау білдіріп, енді бірі ашық киініп, ел алдына шыққан бишінің өзін кінәлады.
“Осылай ақша тауып жүргенің үшін балаларыңнан ұялмайсың ба?”, “Меніңше, ол тиіскісі келмеді, жай ғана оның кеткенін қалады”, “Өзі ұялып кетті-ау”, “Осындай биге тапсырыс беретін адамдарды түсінбеймін”, “Арыз жазыңыз”, “Ұйымдастырушылар неге тоқтатпаған”, “Қандай киіммен шықса да оған ешкімнің тиісуге құқығы жоқ”, “Шығыс биін стриптизбен шатастыратындар, не шегесіңдер сендер”, – деп жазды желідегілер.
Қазақстандағы ең ірі мәмілелер: "Қазақмыс" пен "Қазцинктің" жаңа қожайындары туралы не белгілі