Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада мүгедек балалардың анасы Исекешевтің орынбасарынан дөрекі сөз естіп жылап қайтқан

Астанада үш баланың анасы әкім орынбасарынан дөрекі сөз естідім деп, қала басшысы Әсет Исекешевке арызданды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

7474

Шынар Жәнібекованың үш баласының екеуі бірдей мүгедек. Күйеуінің тастап кеткеніне қарамастан, тағдырдың тауқыметін жалғыз тартып өмір сүріп жатыр. Қазіргі паналап отырған жері – жатақхананың бір бөлмесі. Жақында әйел қала әкімінің орынбасары Андрей Лукинге көмек сұрап барған. Бірақ, шенеунік әйелге қол ұшын созудан бас тартыпты. Осыдан соң Шынар, қала басшысына шағымданған.

«Құрметті Әсет Өрентайұлы, мен – Жанбекова Шынар Нұралиқызы, үш баланың анасымын. Үш баламның екеуі – туғаннан мугедек. Қызым – Айдана, жасы 14-те, сал ауруына (ДЦП) шалдыққан, ұлым – Жанкелді, жасы 9-да, сөйлеу жүйесі тежелген. Балалардың әкесі басымызға түскен қиындыққа шыдамай, бізді тастап кеткен. Алиментті де төлемейді, басқа да көмек көрсетпейді. Бар ауыртпашылықты өз мойныммен, балалар үшін, балалардың болашағы үшін көтеріп келемін. Осы уақытқа дейін үкіметтен ай сайын беретін көмек ақысынан (пособие по инв.) басқа ешқандай көмек көрген емеспін. Өзім отбасының жағдайына байланысты тұрақты бір жұмысқа тұра алмаймын. Өйткені балаларыма күні бойы күтім керек, тамақтандыру керек, жөргегін ауыстыру керек. Қызыма мұғалімдер келеді үйге. Екінші баламды арнайы мектепке апарып, алып келем. Сол екі ортада уақыт тауып, қолымнан келген жұмыстарды істеймін», – деп жазды Шынар Жанбекова. Оның сөзіне қарағанда, бүгінде ол жатақханада бір бөлмені жалдап тұрады. Оған ай сайын 60 000 теңге кетеді. Айданаға төленетін жәрдемақының бәрі соған жұмсалады. Үш баланың екеуі мүгедек болғаннан кейін жатақxанада тұру қиын. Себебі әжетxанасы да, жуынатын бөлмесі де сыртта орналасқан. “Ал күндердің күнінде бөлменің иесі босат десе, қайда барамын деп уайымдап қиналамын. Осы оймен сіздің орынбасарыңыз А.И.Лукиннің қабылдауында болдым. 28.11.2016 ж. сағ 16:00-де көмек болады деген үмітпенен кызым Айдананы бірге ала бардым, бірақ ол кісі көмек бермек түгілі Астанаға не үшін көшіп келдің? (Знаешь таких как ты сколько?) деп өзімді балағаттады. Содан кейін «Сен қай аймақтан келдің?» деп (Где родители? Где жила раньше в школьные годы?) деп сұрақтың астына алды. Әкем жоқ, шешемнің өз отбасы бар дедім, марқұм болған әжемнің менің казіргі жеке өміріме кандай катысы бар? Мен соны түсінбедім. Осындай лауазымды адам мені кемсітіп, тіл тигізіп, әжуалап отырғаны дұрыс па? Маған тіл тигізіп отырғанды көріп, жылап жіберген қызыма Лукин көз қырын салған да жоқ. “Я отказываюсь вам помочь”, – деп бізді шығарып салды. Әсет Өрентайұлы! Сіздің орынбасарыңыз А.И.Лукиннің жалғызбасты үш бала тәрбиелеп отырған анаға тіл тигізіп, мазақ кылып отыруға қандай қақысы бар? Кезегім жақындап, үй алғанша мені балаларымен далаға қуып шықпас үшін уақытша болса да баспана сұрап барып едім, бірақ Лукиннің айтқаны да, көрсеткені де осы болды ма? Сонда бұл кісінің барлық міндеті осы болды ма? Құрметті Әсет Өрентайұлы, менің жан айқайыма жауап берерсіз деп үміттенем. Өйткені сіздің алдыңызға баруға жазылу мүмкін емес”, – деп жазады үш баланың анасы.

Жіберіп алмаңыз:

Мемлекеттік нөмерсіз жүрген көлікті тоқтатқаны үшін жол сақшылары бастықтарынан сөз естіді

Астанада Бас прокуратураның алдында өзін өртеген әйел өлім аузында жатыр

Ресейде жастар мектеп бассейнінде эротикалық кеш өткізді (видео)

 

Талқылау