Астанада LRT-ның алғашқы вагондары рельске қойылды

Астанада әуежай маңындағы №101 бастапқы станцияда жеңіл рельсті көлік (LRT) жүйесіне арналған алғашқы вагондар рельске қойылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
City Transportation Systems компаниясының мәліметінше, екі вагоннан тұратын алғашқы LRT құрамын көтеру жұмыстары сәтті өтті.
Бұл LRT жүйесін салу аясындағы жоспарлы іс-шаралардың бірі ретінде жүзеге асырылған. Вагондар станцияда 2025 жылдың қыркүйегіне жоспарланған сынақтық іске қосуға дейін тұрады.
"Біз кестеден ауытқымай жұмыс істеп келеміз және осы күзде LRT жүйесінің сынақтарын бастаймыз", – деді City Transportation Systems басқарма төрағасы Асылбек Дүйсебаев.
"Тарифтер өсіп, мобильді аударымдарға бақылау күшейеді": 1 сәуірден бастап Қазақстанда не өзгереді
Сәуір айында болатын өзгерістерге шолу жасадық
Полиция бастығының қызы Олжас Сүлейменовтің немересін қалай қағып өлтірді: Қазақстандағы тағы бір атышулы жол апатын еске түсірейік
Үйленуді жоспарлап жүрген Ескендір Сүлейменов 26 жасында өмірден өтті