Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада LRT маңындағы аумақта жол құрылысы мен абаттандыру жұмыстары осы аптада басталады

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Сарайшық ауданы тұрғындарымен кездесуде LRT маңындағы аумақты абаттандыру жұмыстары осы аптада басталатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: primeminister.kz

“LRT нысаны құрылысы биыл аяқталуға жақын. Тәуелсіздік даңғылынан "Нұрлы жол" станциясына дейінгі аралықтағы жол, желілер, абаттандыру жұмыстарымен айналысатын мердігер жұмысты осы аптада бастайды. Жыл соңына дейін жол құрылысын толық аяқтауды жоспарлап отырмыз”, – деді қала басшысы.

Оның айтуынша, оң және сол жағалау арасында өтпелі жол қарастырылады.

“Қабанбай батыр даңғылынан Сауран көшесіне дейін, одан Ақмешіт көшесінен Түркістан көшесіне дейін, одан соң Мәңгілік Ел даңғылына, одан әрі қаланың осы бөлігіне (Сарайшық ауданы) өтеміз, одан соң қала орамы алдынан өтіп, Тәуелсіздік даңғылына жетеміз. Бұдан кейін теміржолға дейін барамыз. Абаттандыру, жаяу жүргіншілер жолы, жарықтандыру толығымен жүргізіледі”, – деді әкім.

Қала басшысының сөзінше, мердігер мекеме биыл аумақты абаттандырып үлгермесе, бұл жұмыстар келесі жылдың көктеміне қалады.

Айта кетейік, бүгін Алматы мен Қонаевты байланыстыратын LRT жүйесін Оңтүстік Корея компаниясы салатыны мәлім болды. Бұл жөнінде Ақмола облысының әкімдігі хабарлады.

Талқылау