Астанада лифтте 5 жасар балаға пышақпен шабуыл жасаған жасөспірімді полиция оқшаулайтын болды
Астанада лифтте 5 жасар балаға пышақпен шабуыл жасаған жасөспірімге қатысты полиция тергеу жұмыстарын бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скрин
Полиция мәліметінше, баланың ата-анасы Әкімшілік кодекс бойынша жауапқа тартылды.
Лифттегі жантүршігерлік оқиғадан кейін полиция бір қылмыстық және бір әкімшілік іс қозғады. Дегенмен Қылмыстық кодекс бабының атауы жарияланбады.
"Балаға шабуыл жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ретінде психикалық диспансерде есепте тұрған кәмелетке толмаған бала анықталды", – делінген хабарламада.
Жас жігіт пен оның заңды өкілі полиция бөлімшесіне жеткізілді. Ата-ана тәрбиелік міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін жауапты болады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127-бабы (Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау) туралы болуы мүмкін. Бұл бап бойынша 10 АЕК (39 мың теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған.
Полиция қажет тергеу әрекеттерін жүргізгеннен кейін бірден жасөспірімді "оқшаулау шараларын қолданамыз" деп уәде берді.
Айта кетейік, бұған дейін Астанада жасөспірім 5 жасар баланың бетін пышақпен тілгілеп тастағаны туралы жазған едік. Кейіннен ол тағы бір кішкентай қызға шабуылдамақ болған. Кадрларда жасөспірім лифт жабылуына жол бермей, қыздың кетуіне кедергі келтіргені көрінеді. Ол пышақты шығарып, балаға кеземек болған. Бірақ ол бірдеңеден сескеніп, пышақты тықпайды.