Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада көп балалы отбасылар мен мүгедектер бір аптадан бері газсыз өмір сүруге мәжбүр

Астанада әлеуметтік және жалдамалы тұрғын үйлерде тұратын 300-ге жуық отбасы құбырлардың жарамсыздығына байланысты бір аптадан астам уақыт бойы газсыз өмір сүруде, деп хабарлайды "Астана" телеарнасына cілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сюжеттен кадр

Желілер жөндеуге дайын, бірақ тұрғындардың өздерінің есебінен. Әр тиыны санаулы үй тұрғындары бұған келіспейді. Мұнда негізінен мүмкіндігі шектеулі жандар, көп балалы және аз қамтылған отбасылар тұрады.

“Не деген шарт қояды! Балам жүрмейді, көзі көрмейді”, – дейді Астана тұрғыны Гүлбаршын Ысқақова.

Тұрғындардың айтуынша, газбен жабдықтаушы мекеме ақауды тездетіп жөндеу үшін ақша жинауды ұсынған. Тұрғындар абдырап қалды. Олар коммуналдық қызмет ақысын тұрақты төлейді, қарыздары жоқ.

“Неліктен бізге бұл төлемдерді жинау керек? Газ үшін төлейміз, ай сайын. Бірақ шын мәнінде газ берілмейді. Менің де ерекше балам бар. Оған үнемі әртүрлі тамақ жасап отыру керек”, – дейді Астана тұрғыны Нұргүл Ялымова.

Қала әкімдігі ақауды "Астана газ қызмет" операциялық ұйымы өз есебінен жоюы керектігін айтты.

Жаңа желілер неліктен бірнеше жылдың ішінде тозып қалды деген сұраққа шенеуніктер жасырмады. Нысанда ақаулар бар. Оған сараптама жүргізу керек. Бірақ бұл көп уақыт алады, тұрғындар сонша уақыт газсыз отыра алмайды.

“Бұл нысанның ақаулары бар, қазіргі уақытта мердігермен арыз беру жұмыстары жүргізілуде. Барлау жұмыстары басталып, алдағы уақытта "Астана газ қызмет" операциялық ұйымының күшімен тұрғын үйлерге газ беру 2 күн ішінде қалпына келтірілетін болады”, – дейді 
Астана қаласы Отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының бас маманы Бағлан Алдаңғарова.

Әкімдік егер құбырларда жаңа ақау анықталса, ол жойылғанша газ беру де тоқтай тұрады.

Талқылау