Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада ер адам жанармай құю бекетінде оттық жағып, өрт шығара жаздады (видео)

Астанада көлік жүргізушісі жанармай құю бекетінде оттық жағып, өрт шығара жаздады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Видеодан скрин

Әлеуметтік желілерде минивэн жүргізушісі жанармай құю кезінде бакқа оттық жаққаны түсірілген видео тарады. Желідегі ақпаратта оқиғаның Тәуелсіздік және Момышұлы көшелерінің қиылысында болғаны айтылған. 

Оқиға үлкен жарылысқа әкелуі мүмкін еді, станция қызметкерлерінің жедел әрекеттерінің арқасында өрт жылдам сөндірілген. 

Астана қалалық төтенше жағдайлар департаменті бұл жағдай бойынша 101 және 112 қызметтеріне ешқандай хабарлама түспегенін және оқиғаның нақты мерзімі белгісіз екенін хабарлады. 

Еске салсақ, бұған дейін Талдықорғанда газ орнатылған көлік жарылып, бір үйді қиратып жібергені туралы жазған едік. 

Талқылау