Астанада көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі
Мемлекеттік күзет қызметі Астанада көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скрин
27-28 қарашада Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысы өткізілуіне байланысты көшелерде жол қозғалысы шектеледі.
“27-28 қарашада шетел мемлекет басшыларының қатысуымен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы кеңесінің отырысын дайындау және өткізу аясында көшелердің жекелеген учаскелерінде көліктердің қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі. Дайындық іс-шараларына арнайы мемлекеттік, құқық қорғау органдарының және Қарулы Күштердің ресурстары, әскери авиация мен техника пайдаланылады”, – делінген хабарламада.
Сонымен қатар 27 қарашада Қорғаныс министрлігінің алдыңғы қатарлы авиациясы Астананың үстінен ұшып өтеді.
"Біз елорда тұрғындары мен қонақтарын маңызды халықаралық шара кезінде жүргізілген қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауды сұраймыз", – деді Мемлекеттік күзет қызметі.
Айта кетейік, бұған дейін Қорғаныс министрлігі 23-24 қарашада Астанада қарулы күштер авиациясының жоспарлы ұшулары өтетінін мәлімдеген еді. Кейіннен 24 қарашада Астанада аспаннан жойғыш ұшақтар ұшып өткен.
Халық елде жұмыс, үкімет 500 мыңға жұмыс істейтін адам жоқ дейді. Елде жоғары айлықты кімдер алады?