Астанада Кенесары ханның ескерткіші қайта орнатылды
Фото: Depositphotos/photographer-20
Астанада Есіл өзенінің жағасындағы Кенесары ханның ескерткіші қалпына келтіріліп, бастапқы орнына қайтарылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Кенесары ханның ескерткіші жөндеу жұмыстарынан өтіп, қайта орнатылғанын айтты.
“Ескерткіш алынып тасталған кезде әлеуметтік желіде біраз әңгіме болды. Түсініктеме берілгеніне қарамастан кейбір азаматтар “Кенесары ханнның ескерткіші мүлдем алынып тасталды, орнына қайтарылмайды” деген расталмаған ақпарат таратты. Шын мәнінде ескерткішке жөндеу жұмыстары қажет еді. Оны биіктеу етіп жасады. Қазір ескерткіш айналасында абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр”, – деді Ерлан Қарин.
Еске салайық, Кенесары ескерткіші өткен жылдың қараша айында бөлшектелген еді. Астана қаласының мәдениет басқармасы оның қауіпті деп танылғанын мәлімдеді. Ескерткіштің іргетасы қисайып, құлауға шақ тұрған Сондықтан мүсін қайта қалпына келтіруге жіберілді.
“Қабырғасы құлап, батырлардың мүсіндері сынған”: Тараздағы тарихи нысан қирап жатыр
Түркістан облысында 6 ғасыр бойы тұрған тарихи ескерткіш қирап қалды
Бұған дейін кәсіпкерлердің “Айша-Бибі” кесенесінің маңындағы ғимаратты заңсыз иемденіп алғаны туралы жазған едік.

Қазақта күйеу жігіт қайын жұртына иіліп сәлем салған – Этнограф
