Астанада ҚазТАГ агенттігінің бас редакторы Әмір Қасенов ұсталды

Астанада ҚазТАГ агенттігінің бас редакторы Әмір Қасенов ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әмір Қасеновтың ұсталғаны туралы басылымның бас директоры Әсет Матаев өзінің Telegram-арнасында мәлімдеді.
"Жаңа ғана адвокаттары ҚазТАГ бас редакторы Әмір Қасеновтің ұсталғанын хабарлады. Ол сағат 19:00-де Астананың Есіл аудандық полиция бөліміне тергеу әрекеттеріне шақырған болатын. Мұны құқық қорғау органдары мен тапсырыс берушілер тарапынан жасалған құқықтық бассыздық деп санаймын. Егер Қазақстанда әділдік бар болса, Әмірге тағылған барлық айыптар алынып, ол босатылуы тиіс", – деп жазды Әсет Матаев.
Миллиардер Тимур Турлов ҚазТАГ басшылығына қозғалған іс туралы пікір білдірді
Еске салсақ, осыған дейін ҚазТАГ басшыларына қатысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы жазғанбыз. Ақпарат агенттігінің бас директоры Әсет Матаев пен бас редакторы Амир Қасенов миллиардер Тимур Турлов басқаратын Freedom Finance компаниясының арызы бойынша күдіктілер деп танылған еді.
Қылмыстық іс жалған ақпарат тарату бойынша қозғалған. Әсет Матаевтың адвокаты Рена Керимова Қасенов пен Матаевты рәсімдік талаптарсыз күдікті деп тану өрескел қате екенін айтқан.
Ал Freedom Holding Corp. адвокаты Александр Камендровский арызды Тимур Турлов емес, “Фридом Финанс” компаниясы түсіргенін мәлімдеді.