Астанада қатты соққан жел жаңа аялдаманы ұшырып әкете жаздады (видео)
Желіде Астанада қатты жел жаңа аялдаманы ұшырып әкете жаздағаны түсірілген видео тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скрин
Видео авторының сөзінше, ол аялдама шайқалған уақытта достарымен бірге қоғамдық көлікті күтіп тұрған. Кадрлардан оның қатты қорыққанын байқауға болады. Оқиға 4 қарашада болған.
“Біз осы аялдаманың астында тұрдық. Ол желден әрі-бері теңселіп, бізді басып қала жаздады”, – деді куәгерлердің бірі.
Елорда әкімдігі аталған жағдайға қатысты түсініктеме берді.
Фото: Астана қаласының әкімдігі
“Сығанақ көшесіндегі аялдама павильонында дәнекерлеу тігістері ажырап кетті. Аялдама осы жазда орнатылған еді. Қазір аялдама сигнал таспасымен қоршалған. Күні бойы жөндеу-қалпына келтіру жұмысы жүргізіледі”, – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Ақтаудағы ерекше аялдама қазақстандықтардың назарын аударғаны туралы жазған едік.
@alanakss22 Это Астана детка, наш любимый ветер😂 Но на самом деле ситуация страшная, я с 4 месячным ребенком, с сестренкой, бежала оттуда с глазами на лбу, было ппц страшно #этоастана#чп#аккуратноастана#ветерастаны#сходимастана#кудасходитьастана#осеньвастане ♬ оригинальный звук - Alanakss
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ